Nomad Inspiration
«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі
Nomad Inspiration
(«Астана Опера» балеті мен HasSak этно-фольклорлық тобының бірлескен жобасы)
Nomad Inspiration гала-концерті – бұл дарынды балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиясы және HasSak этно-фольклорлық ансамблі мен композитор Хамит Шанғалиевтың аспаптық музыкасын біріктірген жарқын шығармашылық эксперимент. Концертке сондай-ақ «Астана Опера» симфониялық оркестрі де қатысады.
Көрермендер Сұлтанбек Ғұмардың «Той бастар», «Аралым», «Әлем», сонымен қатар TURAN ансамблінің өңдеуінде А.Райымқұлованың музыкасына «Мәңгүрт» және HasSak ансамблінің «Аманат» композициясына «RUH» сынды көпшіліктің көзайымына айналған хореографиялық нөмірлерін ыстық ықыласпен қабылдайды. Дәстүрлі музыкалық сарын стильденген костюмдермен үйлесім тауып, нөмірлерге ерекше нақыш үстейді.
HasSak мультиаспапшыларының тамаша өнер көрсетуі де бағдарламаның көркін қыздыра түспек.
БАҒДАРЛАМА
«Той бастар». HasSak этно-фольклорлық тобының аттас музыкалық композициясы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Балет әртістері
«ХасСақнама». HasSak этно-фольклорлық тобы
«Ұлы Жібек жолы». HasSak этно-фольклорлық тобы
«Аралым». HasSak этно-фольклорлық тобының «Аралым» музыкалық композициясы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Балет әртістері
«Зәурен». HasSak этно-фольклорлық тобының музыкасы
«Аңсау». HasSak этно-фольклорлық тобының музыкасы
«Өрлеу». HasSak этно-фольклорлық тобының музыкасы
ҮЗІЛІС
«Мәңгүрт» (Mankurt). TURAN этно-фольклорлық ансамблінің өңдеуінде А.Райымқұлованың музыкасы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Камилла ОРМАНОВА, Нима ТОКОВ
«Кемел адам». HasSak этно-фольклорлық тобының музыкасы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы Мәдина ӨНЕРБАЕВА, Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ
«Әлем». Хамит Шанғалиевтің «Әлем» музыкалық композициясы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы.
Балет әртістері
«Тұран жолбарысы». HasSak этно-фольклорлық тобы
«Тарту». HasSak этно-фольклорлық тобы
«Қилы заман». TURAN этно-фольклорлық ансамблінің музыкасы. Патрик де Бананың хорегорафиясы.
Сұлтанбек ҒҰМАР
- HasSak этно-фольклорлық тобының «Аманат» музыкалық композициясы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Ислам ҚАЙЫПБАЙ, балет әртістері
«Астана Опера» балет әртістері, симфониялық оркестрі мен хоры,
HasSak этно-фольклорлық тобы
Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі –
Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің халық әртісі
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

