Nomad Inspiration
«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі
ПРЕМЬЕРА
Концерт
Nomad Inspiration
(«Астана Опера» балеті мен HasSak этно-фольклорлық тобының бірлескен жобасы)
Nomad Inspiration гала-концерті – бұл дарынды балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиясы және HasSak этно-фольклорлық ансамблі мен композитор Хамит Шанғалиевтың аспаптық музыкасын біріктірген жарқын шығармашылық эксперимент. Концертке сондай-ақ «Астана Опера» симфониялық оркестрі де қатысады.
Көрермендер Сұлтанбек Ғұмардың «Той бастар», «Аралым», «Әлем», сонымен қатар TURAN ансамблінің өңдеуінде А.Райымқұлованың музыкасына «Мәңгүрт» және HasSak ансамблінің «Аманат» композициясына «RUH» сынды көпшіліктің көзайымына айналған хореографиялық нөмірлерін ыстық ықыласпен қабылдайды. Дәстүрлі музыкалық сарын стильденген костюмдермен үйлесім тауып, нөмірлерге ерекше нақыш үстейді.
HasSak мультиаспапшыларының тамаша өнер көрсетуі де бағдарламаның көркін қыздыра түспек.
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің халық әртісі
«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ МЕН СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ, HASSAK ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ТОБЫ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.jpg?w=220&h=300)