ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
Сіздің қалаңыз Toshkent. Дұрыс па?
Иә
Жоқ
ТілEng
контакты
Park Live Almaty

Park Live Almaty

Сипаттама

Өтетін орны: Алматы қ., Первомайский тоған.

Күні: 5-7 қыркүйек

Басталуы: 19: 00

Қосымша: қайтару ережелерін іс-шараны ұйымдастырушы ұсынады

VIP-билет сатып алу арқылы: сіз фестивальге жеке кіреберіс арқылы кезексіз өтесіз де, VIP-аймақта болу мүмкіндігіне ие боласыз. Онда арнайы демалыс пен ойын-сауық орындары, жеке фуд-корт, сусындардың түр-түрі бар, сондай-ақ фестиваль серіктестері ұсынған ерекше аймақтар қарастырылған.

Marilyn Manson, Röyksopp және Alan Walker Park Live Almaty хедлайнерлерді атады

2025 жылдың 5-7 қыркүйегі аралығында Алматыда осымен екінші рет Орталық Азиядағы ең ірі музыкалық фестиваль Park Live Almaty өтпек. Биыл фестиваль хедлайнерлері рок сахнасының аңызы Marilyn Manson, норвегиялық Röyksopp дуэті мен электронды продюсер Alan Walker болмақ.

Тап былтырғыдай, фестиваль лайнабын құру кезінде әр орындаушының бірегейлігі мен мәдени маңызына мән беріледі. Қонақтарды үш күнге созылатын ауқымды шара, әлемдік деңгейдегі хедлайнерлер, фестиваль серіктестері ұсынатын ойын-сауық аймақтары мен тағы басқа көп қызық күтіп тұр. 2024 жылы Park Live Almaty фестиваліне 35 мыңнан аса адам келді!


5 қыркүйек
Alan Walker


Маска, капюшон және еліктіретін бит 2015 жылы Alan Walker тап осылай жарқ етіп еді. Норвегиялық электронды продюсер Faded трегімен әлемге танылды. Оның әндері 50 миллиардтан көп рет тыңдалған, өзі Sia, Ava Max және Ханс Циммермен жұмыс істеген, Coachella мен Tomorrowland сахналарындағы өнер көрсеткен, өзінің Walkerverse атты турымен де әлемді шарлап жүреді. 

6 қыркүйек
Marilyn Manson

Тарихтағы ең қайшылыққа толы, даулы да сәнді әртістің бірі. Marilyn Manson 90-жылдардың басынан бері тыңдарманды таңырқатып, оны арандататып, қалыпқа сыймайтын өнерін танытып келеді. Оның альбомдары бірнеше толқын тыңдарманның саундтрегіне айналса, хиттері мәңгілікке музыка тарихына енген.

7 қыркүйек
Röyksopp


Норвегиялық дуэт жиырма жылдан аса уақыттан бері Скандинавия электроникасына тән дыбысты қалыптастырып келеді. Маскасы, дыбысы мен көңіл-күйі құбылып отырса да, топ келешектің атмосферасы сезілетін музыка жазуынан жаңылған емес. Melody A.M. атты дебют альбомы топты әлемге танытса, Robyn, Lykke Li және Susanne Sundfør сынды әртістермен бірлескен жұмыстары дуэтті жанр новаторлары ретінде шегелеп берді. Röyksopp тобының әр сахнаға шығуы визуал перформанстың, костюмдер мен өзге әлемге жетелейтін саяхаттың синтезі. 

Park Live Almaty музыкаға ғашық мыңдаған адамды баураған мекен.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Первомайский тоған.  

  • Күні

    5-7 қыркүйек  

  • Басталуы

    19: 00

  • Қосымша

    қайтару ережелерін іс-шараны ұйымдастырушы ұсынады

  • VIP-билет сатып алу арқылы

     сіз фестивальге жеке кіреберіс арқылы кезексіз өтесіз де, VIP-аймақта болу мүмкіндігіне ие боласыз. Онда арнайы демалыс пен ойын-сауық орындары, жеке фуд-корт, сусындардың түр-түрі бар, сондай-ақ фестиваль серіктестері ұсынған ерекше аймақтар қарастырылған. Marilyn Manson, Röyksopp және Alan Walker — Park Live Almaty хедлайнерлерді атады 2025 жылдың 5-7 қыркүйегі аралығында Алматыда осымен екінші рет Орталық Азиядағы ең ірі музыкалық фестиваль — Park Live Almaty өтпек. Биыл фестиваль хедлайнерлері — рок сахнасының аңызы Marilyn Manson, норвегиялық Röyksopp дуэті мен электронды продюсер Alan Walker болмақ. Тап былтырғыдай, фестиваль лайнабын құру кезінде әр орындаушының бірегейлігі мен мәдени маңызына мән беріледі. Қонақтарды үш күнге созылатын ауқымды шара, әлемдік деңгейдегі хедлайнерлер, фестиваль серіктестері ұсынатын ойын-сауық аймақтары мен тағы басқа көп қызық күтіп тұр.

  • Жас шегі

    16+

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

    Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз