Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға
Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі.
Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).
Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.
2025 жылдың 18 маусымы мен 8 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты халықаралық көрме өтеді.
Көрме Қытай Ұлттық Жібек музейінің ғылыми зерттеулеріне негізделіп ұйымдастырылған. Экспозиция Қытайда жібек өнерінің пайда болуы мен дамуы туралы баяндайды, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы арқылы жүзеге асқан Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени алмасуға назар аударады. Көрменің маңызды бөлігінің бірі – қытай дизайнерлерінің жұмыстары арқылы жібек мұрасына заманауи көзқарас.
Іс-шара Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы аясында өткізіледі.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
- «Қытайдың ежелгі жібек өрнектері» – Жауласушы патшалықтар дәуірінен бастап Цин әулетіне дейінгі өрнектердің репликалары.
- «Ұлы Жібек жолы арқылы мәдени алмасу» – мәдениетаралық байланысты бейнелейтін артефакттар.
- «Заманауи жандану және қолдану» – дәстүрден шабыт алған қазіргі заманғы дизайнерлік жұмыстар.
Көрмеде 131 экспонат ұсынылған: көне жібек маталар, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар, керамика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және заманауи дизайнерлік жұмыстар.
Көрме атауы: |
«Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» |
||||||||||
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут |
||||||||||
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
||||||||||
Жас шегі: |
жоқ |
||||||||||
Күні мен уақыты: |
18/06/25 -08/08/25 |
||||||||||
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға -ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
||||||||||
Өзіңізбен бірге алу: |
|
||||||||||
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН. 7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). |
||||||||||
Тариф 3. Тақырыбы: Шетелдік көрмеге музейге келу.
*Шетелдік көрмелерге бару ақылы, келушілердің барлық санаттары үшін – 1000 теңге ** Шетелдік көрмелер мерзімді түрде өткізіледі. Олар үшін бөлек афиша бар. |
|
||||||||||
Тариф 4. Тақырыбы: Музейге «Алтын» залдар мен шетелдік көрмелерге келу *Шетелдік көрмелерге бару ақылы, келушілердің барлық санаттары үшін – 1000 теңге ** Шетелдік көрмелер мерзімді түрде өткізіледі. Олар үшін бөлек афиша бар. |
|
||||||||||
Музейге бару үшін жеңілдіктер (шетелдік көрмелерді қоспағанда, тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер залдары) (растайтын құжаттарды ұсынған кезде)
*Шетелдік көрмелерге бару ақылы, келушілердің барлық санаттары үшін – 1000 теңге
|
ТЕГІН : Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар І-ІІ топ. Жетім балалар, аз қамтылған отбасы балалары, көп балалы аналар, Ауған соғысына қатысушылар, әскерге шақырылғандар. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар III топ – 50% жеңілдік |
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


 (3).jpg?w=220&h=300)