Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға
Санитарлық күн – әр айдың соңғы сейсенбісі.
Назар аударыңыз! Бұл күндері музей жабық.
Әр айдың үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының тұрғындары үшін мұражайға кіру ТЕГІН (шетелдік көрмелерді қоспағанда).
Науқан: Мектептен демалыс күндері тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер (шетелдік көрмелерден басқа) залдарында БАЛАЛАР ҮШІН музейге кіру ТЕГІН.
2025 жылдың 18 маусымы мен 8 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты халықаралық көрме өтеді.
Көрме Қытай Ұлттық Жібек музейінің ғылыми зерттеулеріне негізделіп ұйымдастырылған. Экспозиция Қытайда жібек өнерінің пайда болуы мен дамуы туралы баяндайды, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы арқылы жүзеге асқан Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени алмасуға назар аударады. Көрменің маңызды бөлігінің бірі – қытай дизайнерлерінің жұмыстары арқылы жібек мұрасына заманауи көзқарас.
Іс-шара Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы аясында өткізіледі.
Көрме үш бөлімнен тұрады:
- «Қытайдың ежелгі жібек өрнектері» – Жауласушы патшалықтар дәуірінен бастап Цин әулетіне дейінгі өрнектердің репликалары.
- «Ұлы Жібек жолы арқылы мәдени алмасу» – мәдениетаралық байланысты бейнелейтін артефакттар.
- «Заманауи жандану және қолдану» – дәстүрден шабыт алған қазіргі заманғы дизайнерлік жұмыстар.
Көрмеде 131 экспонат ұсынылған: көне жібек маталар, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар, керамика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары және заманауи дизайнерлік жұмыстар.
Көрме атауы: |
«Жібек және Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» |
Экскурсиялық бағдарлама: |
Алтын залсыз шолу – 30 минут Алтын залмен шолу – 45 минут |
Музейді аралау ұзақтығы: |
Музей аралау аясында |
Жас шегі: |
жоқ |
Күні мен уақыты: |
18/06/25 -08/08/25 |
Келу ережелері: |
Экспонаттарды қолмен ұстауға -ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Музей залдарына сусын мен тамақпен кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ 14 жасқа дейінгі балалар ересек адаммен бірге музейге баруы керек. |
Өзіңізбен бірге алу: |
|
Бағасы |
Кіру билеттерінің бағасына кіреді: жас санаттары, музейге іріктеп немесе кешенді бару (тарифтерді қараңыз). 7 жасқа дейінгі балаларға музейге кіру - ТЕГІН. 7 жастан 18 жасқа дейін - балалар тарифі. 18 жастан 22 жасқа дейін – студенттік тариф (студенттік билетті көрсеткен кезде). |
|
Жеңілдіктер тек уақытша және тұрақты экспозиция залдарын, соның ішінде Ұлы Дала ежелгі өнері мен технологиялары залын («Алтын залдары») қамтитын кіру билеттеріне ғана қолданылады және растаушы құжаттарды көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Тегін кіру мүмкіндігі тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана рұқсат етілген
|
ТЕГІН:
50% ЖЕҢІЛДІК: 1. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар |
Жеңілдік санаттарына жататын азаматтар үшін шетелдік (халықаралық) көрмелерге кіру (I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен оларды ертіп жүретін адамдарды, сондай-ақ III топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда) бекітілген прейскурантқа сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. |
1. I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар және олармен бірге жүретін адамдар – тегін 2. III топтағы мүгедектігі бар азаматтар - 50% жеңілдік 3. Қалған жеңілдікті санаттар үшін: – Ересектер, студенттер – 2000 теңге – Зейнеткерлер, балалар – 1000 теңге
|
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


