С.Прокофьевтің музыкасына арналған «Золушка» екі актілі балетінің тұсаукесері, Е.Волкова қойылымында
1 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Қазақстан Мемлекеттік академиялық би театрының көптен күткен жаңа қойылымы, Сергей Прокофьевтің ғажайып музыкасына жазылған «Золушка» балетінің тұсаукесері өтеді.
Армандардың күші мен мейірімділік туралы әйгілі ертегі Санкт-Петербургтік хореограф, Алматылық хореография училищесінің түлегі Екатерина Волкованың нәзік әрі әсерлі интерпретациясында жаңа тыныс алады. Көрермендерді сиқыр мен әсемдікке толы әлем, жарқын костюмдер, көркем безендірілген сахна және театр әртістерінің шебер орындауы күтеді.
Ертегі сиқырына еніп, би маусымының ең айрықша оқиғасының куәсі болыңыз!
Қысқаша мазмұны:
Бірінші акт Золушканың үйінде өрбиді. Мінезі шатақ, тәкаппар екі әпкесі мен өгей шешесі патша сарайындағы балға дайындалып жатады. Ал Золушка, жалғыз қалған соң, қарапайым ас үйдің ішінде шай шәйнегімен вальс билеп, арманға беріледі. Сол сәтте сиқыршы Фея Крестная пайда болып, мейірімді қыздың тілегін орындайды: оған хрусталь туфли мен керемет көйлек сыйлайды. Сиқырлы арба Золушканы сарайға жеткізеді.
Екінші актте сарайдағы бал көрініс табады. Принц пен бейтаныс арудың алғашқы кездесуі, олардың қысқа, бірақ ғажайып биі, ал одан кейін түн ортасында Феяның уәдесі аяқталып, Золушканың асығыс кетуі - осының бәрі көрерменді толғандырады. Қашып бара жатып, ол бір туфлиін түсіріп кетеді.
Принц сол туфлидің иесін табу үшін дүниенің төрт бұрышын шарлап, ақыры Золушканы табады. Екеуінің махаббаты барша патшалыққа қуаныш пен шаттық әкеледі.
* Балет аудиожазба сүйемелдеуімен орындалады
* Театр орындаушылар құрамын өзгерту құқығын өзіне қалдырады
* өз орындарыңызды билет бойынша алуыңызды сұраймыз
