ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Toshkent
ТілEng
контакты
Park Live Almaty

Park Live Almaty

Сипаттама

Өтетін орны: Алматы қ., Первомайский тоған.

Күні: 4-7 қыркүйек

Қосымша: Қайтару ережелерін іс-шараны ұйымдастырушы ұсынады

2025 жылдың 4-7 қыркүйегі аралығында Алматыда осымен екінші рет Орталық Азиядағы ең ірі музыкалық фестиваль Park Live Almaty өтпек. Биыл фестиваль хедлайнерлері британ әншісі Robbie Williams, рок сахнасының аңызы Marilyn Manson, норвегиялық Röyksopp дуэті мен электронды продюсер Alan Walker болмақ.

Тап былтырғыдай, фестиваль лайнабын құру кезінде әр орындаушының бірегейлігі мен мәдени маңызына мән беріледі. Қонақтарды төрт күн бойы әлемдік деңгейдегі хедлайнерлер, фестиваль серіктестері құрған ойын-сауық алаңдары мен түрлі тосынсый күтіп тұр. 2024 жылы Park Live Almaty фестиваліне 35 мыңнан аса адам келді!

4 қыркүйек
Robbie Williams

Британ музыкасының алыбы, бірнеше толқынның үніне айналған әртіс. Robbie Williams әйгілі Take That бойбэндінің бұрынғы мүшесі әрі поп-музыка тарихындағы ең табысты әртістің бірі. Оның Angels, Feel және Rock DJ әндерінің әрбірі 2000 жылдардың басында әнұранға айналып, әлі күнге дейін стадиондарда, фильмдер мен ғашықтартың плейлисінде шырқалып жүр. Оның Intensive Care туры Гиннестің рекордтар кітабына енген небәрі бір тәулікте 1,6 миллион билет сатылып кеткен! 

2025 жылы Robbie Williams британ музыкасының 90-жылдардағы алтын дәуірінен шабыт алған Britpop атты альбомымен сахнаға оралды. Тони Айоммимен бірлесе жазған алғашқы Rocket синглі қазірдің өзінде хитке айналып үлгерді. Бұл әнді Park Live Almaty сахнасынан тыңдауға болады.

Morcheeba
Трип-хоп жанрында отыз жылдай өнер көрсетіп, аты аңызға айналған топ. Олардаунтемпо, соул мен грувты тоғыстырған бірегей үнімен көпке белгілі. The Sea, Rome Wasn’t Built in a Day және Otherwise сияқты әндері классикаға айналған. Ал2025 жылы топ Escape the Chaos атты жаңа альбомын шығарды. Бұл үнтаспадажаңа дауыстар да, топтың бұрыннан белгілі стилі де байқалған. Park Live Almaty сахнасында Morcheeba тарих пен келешекті бір ырғақта кездестіреді.


5 қыркүйек
Alan Walker. Live

Маска, капюшон және еліктіретін бит 2015 жылы Alan Walker тап осылай жарқ етіп еді. Норвегиялық электронды продюсер Faded трегімен әлемге танылды. Оның әндері 50 миллиардтан көп рет тыңдалған, өзі Sia, Ava Max және Ханс Циммермен жұмыс істеген, Coachella мен Tomorrowland сахналарындағы өнер көрсеткен, өзінің Walkerverse атты турымен де әлемді шарлап жүреді. 

Swae Lee
Жаңа буын хип-хопының ең жарқын өкілдерінің бірі Rae Sremmurd дуэтінің мүшесі және French Montana-мен Unforgettable және Post Malone-мен бірге Sunflower сияқты культке айналған тректерді жазған. Екінші трек Spotify тарихындағы ең көп тыңдалған әндердің бірі. Оның Madonna, Tyga, Lil Wayne, Skrillex және Pharrell Williams-пен фиттері бар. Rae бірнеше рет «Грэмми» сыйлығына ұсынылып, әлем бойынша оны ай сайын ондаған миллион адам тыңдайды.

6 қыркүйек
Marilyn Manson

Тарихтағы ең қайшылыққа толы, даулы да сәнді әртістің бірі. Marilyn Manson 90-жылдардың басынан бері тыңдарманды таңырқатып, оны арандататып, қалыпқа сыймайтын өнерін танытып келеді. Оның альбомдары бірнеше толқын тыңдарманның саундтрегіне айналса, хиттері мәңгілікке музыка тарихына енген.

The Hu
Мыңжылдық мәдениет пен заманауи рокты тоғыстырған моңғол сенсациясы. The Hu тобы моңғолдың моринхур мен товшур сияқты ұлттық аспаптарында ойнап, көмеймен ән салып, hunnu rock деп аталатын өзіндік стилін қалыптастырған. Олардың тректері фильмдер мен сериалдарда шырқалып жүр, ал концерт бергенде әлемнің түкпір-түкпіріндегі стадиондар лық толады.

Bloodywood
Нью-Делиден шыққан үнді металл тобы осы жанр туралы түсінікті түбегейлі өзгертіп тастады. Bloodywood алғашында YouTube-та каверлерімен танылып, бүгінде әлемдік ірі фестивальдерде жарып жүр. Олардың музыкасы хинди, ағылшын және пенджаби тілдеріндегі мәтіндермен әрленген фолк, ню-метал мен рэпкордың естен тандырар үйлесімі. 2025 жылы топ Nu Delhi атты жаңа альбомын шығарған.

Shortparis
Айрықша арт-панк-әнұрандарының авторы Shortparis үнемі шығармашылық эксперименттер жасап, әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған тыңдарман жинайды. Олардың жанды дауыстағы өнері қарапайым концерт шеңберінен шығып, заманауи өнердегі перформанстарға ұқсап кетеді. Клубтық концерттердің қалыптасқан жүйесіне сынай қарайтын Shortparis қаңырап тұрған өндіріс ғимараттарынан бастап азық-түлік дүкендеріне дейінгі кез келген алаңда өнер көрсетеді.

TURAN
Көне түркі музыкасын заманауи сахна өнеріне айналдырған қазақстандық этно-фольклор ансамблі. Ұжым көмеймен ән айтуды сирек кездесетін ұлттық аспаптар үнімен, сондай-ақ қуатты энергетикасын аутентик визуал стилімен шебер үйлестірген.

7 қыркүйек
Röyksopp. Live Band show

Норвегиялық дуэт жиырма жылдан аса уақыттан бері Скандинавия электроникасына тән дыбысты қалыптастырып келеді. Маскасы, дыбысы мен көңіл-күйі құбылып отырса да, топ келешектің атмосферасы сезілетін музыка жазуынан жаңылған емес. Melody A.M. атты дебют альбомы топты әлемге танытса, Robyn, Lykke Li және Susanne Sundfør сынды әртістермен бірлескен жұмыстары дуэтті жанр новаторлары ретінде шегелеп берді. Röyksopp тобының әр сахнаға шығуы визуал перформанстың, костюмдер мен өзге әлемге жетелейтін саяхаттың синтезі. 

Elderbrook. Live
Электронды музыкадағы жаңа толқынның үніне айналған британдық әнші әрі продюсер. Оның Cola хиті әлем чарттарында көш бастап, Грэмми сыйлығын алса, Jungle, Diplo және RÜFÜS DU SOL-мен серіктестігі оның жоғары деңгейдегі музыкант екенін тағы бір дәлелдеді.

Weval
Амстердамдық Weval дуэті музыкасында электроника, фанк пен кинематографиялық әуендерді тоғыстырады. Олардың тректерін эмоция мен ырғақтың биі дейтіндер көп, ал өздері әлемнің үздік фестивальдерінде өнер көрсетіп жүр. Park Live Almaty сахнасында олар өзінің танымал релизі Changed For The Better-ді шырқамақ.

Kedr Livanskiy
Шығыс Еуропа синти-попы мен электроникасының жарқын дауысы. Kedr Livanskiy деген лақап атпен танылған Яна Кедринаның басты туындылары 90-жылдардың поп-музыкасына тән меланхолия мен британдық рейвке тән қуаттың үйлесімі. Kedr Livanskiy Primavera, Flow, Pitchfork-та өнер көрсеткен, америкалық 2MR лейблімен альбомдарын шығарған.

Park Live Almaty музыкаға ғашық мыңдаған адамды баураған мекен.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Алматы қ., Первомайский тоған.  

  • Күні

    4-7 қыркүйек  

  • Қосымша

    Қайтару ережелерін іс-шараны ұйымдастырушы ұсынады2025 жылдың 4-7 қыркүйегі аралығында Алматыда осымен екінші рет Орталық Азиядағы ең ірі музыкалық фестиваль — Park Live Almaty өтпек. Биыл фестиваль хедлайнерлері — британ әншісі Robbie Williams, рок сахнасының аңызы Marilyn Manson, норвегиялық Röyksopp дуэті мен электронды продюсер Alan Walker болмақ. Тап былтырғыдай, фестиваль лайнабын құру кезінде әр орындаушының бірегейлігі мен мәдени маңызына мән беріледі. Қонақтарды төрт күн бойы әлемдік деңгейдегі хедлайнерлер, фестиваль серіктестері құрған ойын-сауық алаңдары мен түрлі тосынсый күтіп тұр. 2024 жылы Park Live Almaty фестиваліне 35 мыңнан аса адам келді! 4 қыркүйек Robbie Williams Британ музыкасының алыбы, бірнеше толқынның үніне айналған әртіс. Robbie Williams — әйгілі Take That бойбэндінің бұрынғы мүшесі әрі поп-музыка тарихындағы ең табысты әртістің бірі. Оның Angels, Feel және Rock DJ әндерінің әрбірі 2000 жылдардың басында әнұранға айналып, әлі күнге дейін стадиондарда, фильмдер мен ғашықтартың плейлисінде шырқалып жүр.

  • Жас шегі

    16+

    Бөлісу:

    Кесте
    • Күні
      Өту орыны
      Аймақ
      Ересектерге
      Балаларға
    • Басты бетте таңдалған сүзгілер үшін сеанстар жоқ

      Таңдауды өзгертіңіз немесе сүзгілерді қалпына келтіріңіз