ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕЛМАЯ КҮЙШІСІ
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Омархан Керімқұловтың 90 жылдығына арналған «Жетісудың желмая күйшісі» атты өнер кешін ұсынады.
Омархан Керімқұлов – қазақ күй өнерінің асыл шежіресін жеткізген дара тұлғалардың бірі. Ол тек күй орындаушы ғана емес, оның терең құпиясын, рухани қуатын жан-жүрегімен сезініп, зерттеген зерделі күйші болды.
Концерттік бағдарламада Жетісу күйшілік әрі әншілік дәстүрінің көрнекті тұлғалары – Қожеке Назарұлы, Сыбанқұл Қалбасұлы, Бестібай, Көдек Байшығанұлы, Сәдіқожа Мошанұлы және Омархан Керімқұловтың авторлық күйлері орындалады. Сондай-ақ, О. Керімқұловтың шығармалары алғаш рет сыбызғы, қобыз, шаңқобыз, жетіген секілді дәстүрлі-фольклорлық аспаптардың орындауында тыңдарманға ұсынылады.
Музыкалық кештің мақсаты – Омархан Керімқұловтың ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегін айрықша айқындап, оның шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Шалдыбеков, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Бауыржан Мұхаметбайұлы, Бауыржан Бекмұханбет, Батырлан Әбенов, Мақсат Медеубек, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Венера Табыс, Жанту Дадабаев, Ғаламат Бейсеқожа, сондай-ақ, Қазақ ұлттық өнер университетінің домбырашылар квартеті – Ералы Таупих, Бейбарыс Бакишев, Ернұр Тулепбергенов Абылайхан Мамырбаев қатысады.
Кеш жүргізушісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз! Сахна төріндегі өнер кешін бірге тамашалайық!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
 Аватар 4 (2029)
                        
                            Аватар 4 (2029)
                                                    
                    
                     Хищник: Планета смерти (2025)
                        
                            Хищник: Планета смерти (2025)
                                                    
                    
                    
 
                        