Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Тоқылдақ». Премьера!

Купить билеты

«ТОҚЫЛДАҚ» - мектеп өмірінде жиі кездесетін, бірақ көп жағдайда ашық айтылмайтын мәселелерді қозғайтын әлеуметтік драма. Қойылым оқушылар арасындағы қарым-қатынасты, қысым мен қорқынышты, буллинг пен бопсалаудың қалай пайда болатынын және оның қалай әсер ететінін көрсетеді.

Спектакльдің негізінде - қарапайым ойыннан басталып, шынайы өмірге қауіпті салдар әкелген жағдай. Кейіпкерлер «дос болу», «үндемеу», «шындықты айту» сияқты ұғымдардың шын мәнінде қаншалықты ауыр таңдау екенін түсіне бастайды. «Тоқылдақ» деген атаудан қорқу, жауапкершіліктен қашу және ересектердің дер кезінде араласпауы трагедияға жақындатады.

Бұл қойылым - бір ғана кейіпкер туралы емес, бүгінгі жасөспірімдердің ортақ мәселесі туралы. Спектакль көрерменді айыптауға емес, ойлануға, түсінуге және бейжай қалмауға шақырады.