97 человек за последний час интересовались этим событием.
Павлодарский областной драматический театр им. А. П. Чехова

СӘКЕ-МӘКЕ. Театр им. Аймаутова

Купить билеты

 

«С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ
музыкалық-драма театры»

«СӘКЕ-МӘКЕ»

А.Островскийдің «Доходное место» пьесасы екі ғасыр бұрын жазылса да, көтерген мәселесі өте өзекті. Өйткені басты назарда – парақорлық пен жемқорлық. Жағымпаздық күшімен жиналған арам байлық, жалған құрметке жеткізсе, адал еңбекпен өз орнын табу, биік дәрежеге жетуі өте қиын.

Шығарманың заманауи нұсқасы осы қоғамдық дерттің себебін іздейді. Режиссер Азамат Нигманов А.Островскийдің шығармасының желісін өзгертпей, жас жігіттің өмірде барлығына әділ жолмен қол жеткізуге мүмкіндігі бар ма деген сұраққа жауап іздейді. Бұл идеалистік принциптер ме, әлде ақымақтық па? Адалдық пен сүйіспеншілікке деген сенім пайдакүнемдік, парақорлық өшпенділікпен қатар үйлеспейді. Сахнадан өткен ғасырлық кейіпкерлер емес, қазіргі замандағы таныс кейіпкерлерді көреміз.